Маңғыстау облысының әкімі кәсіпкерлермен ШОБ субъектілерін мемлекеттік қолдау мәселелерін талқылады

размер шрифта: Aa | Aa
28.04.2012 10:25
 Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов кәсіпкерлермен шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілерін мемлекеттік қолдау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

«Жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау қажет. Бірақ өз кезегінде кәсіпкерлерден облыстың, елдің болашағы үшін әлеуметтік жауапкершілігінің белсенді болғаны қажет», - деді аймақ басшысы бейсенбі күні әкімдікте.

Ол инновациялық жобалар өте аз жүзеге асырылып жатқанына назар аударды.

«Мен күнде шетелдік делегациялармен кездесемін. Ірі қытайлық, кореялық, британдық компаниялардың. Бәрі бізбен ынтымақтастық орнатып, Маңғыстау облысының аумағында жұмыс істегісі келеді. Ал біздің компаниялар істегісі келмейді. Әлде өз бизнесімізге жұмыс істеуге мүмкіндік бермейміз бе, әлде бизнестен жауап қимыл аз ба? Мәселені шешу керек», - деді әкім.

Б. Мұхамеджанов мемлекет кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге дайын екенін, бірақ олар да «алға қадам жасауға тиіс» деді.

«Мысалы, дәрілік препараттар өндіретін зауыт бар. Мемлекет дәрі-дәрмектермен айналысатын адамдарға жақсы қолдау көрсетеді. Ойларыңыз болса, біз қостауға дайынбыз», - деді ол.

Бұдан басқа, Б.Мұхамеджанов бизнес өкілдерін «табиғат ресурстарына қамқорлықпен қарауға» шақырды. «Пайда қуғанның нәтижесін өз қаламыздың мысалынан-ақ көріп отырмыз. Бұл жағалау аймағының жағдайы, құрылыс-тұрмыстық қоқыстар тасталатын орын, инфрақұрылым», - деп нақтылады ол.

«Бизнесің ірі болса, өзіңе тиісті аумақта бірнеше ағаш отырғызу қиын ба? Соншалықты ысырапшыл қатынасқа енді жол берілмейді», - деп ескертті Б. Мұхамеджанов.

Актау. 27 сәуір. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту