КҚК қаңтар-сәуірде мұнай экспортын 9,4%-ға азайтты

размер шрифта: Aa | Aa
02.05.2012 16:01

Каспий құбыры консорциумы (КҚК) қаңтар-сәуірде 10,19 млн тонна мұнай экспорттады, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 9,4%-ға аз, делінген консорциумның ақпаратында.

2012жылдың сәуірінде мұнай экспорты 2,9 млн тоннаны құрады, өткен жылдың сәйкес айында 2,72 млн тонна болған.

КҚК қазақстандық мұнайды Ресей аумағы арқылы транзитпен экспорттау үшін құбырдың құрылысы мақсатында құрылды. Консорциум Қазақстанның батысындағы кен орындарын Қара теңіздің ресейлік жағалауымен қосатын 1580 шақырымдық Теңіз-Новороссийск құбырына иелік етеді.

2011 жылы айдалған мұнайдың көлемі 8,9 %-ға төмендеп, 31,8 млн тоннаны құрады.

КҚК акционерлері: Ресей (Транснефть – 24% және КТК Компани – 7%) – 31%; Қазақстан  («Қазмұнайгаз»  – 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75%) – 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company - 15%, LUKARCO B.V. - 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company - 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited - 7,5%, BG Overseas Holding Limited - 2%, Eni International N.A. N.V. - 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC - 1,75%.

Алматы. 2 мамыр. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту