Қазақстан 2015 жылдан бастап 71 млн. тонна мұнай экспорттауды жоспарлайды

размер шрифта: Aa | Aa
11.05.2012 14:27
Қазақстан 2015 жылдан бастап жыл сайын 71 млн. тонна мұнай экспорттауды жоспарлайды.

Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Магистралдық құбырларға байланысты мәселелерді заңнамалық реттеу» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында мәлім болды.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, Қазақстандағы мұнай өндірісінің болжамы 2012 жылы 81 млн. тонна, 2013 жылы 82 млн., 2014 жылы  83 млн. тонна, ал 2015 жылға қарай 90 млн. тоннаға жетеді. Осыған орай, Қазақстанның мұнай экспорты 2012-2013  жылдары 70 млн. тоннаны құраса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 68 млн. тоннаға төмендейтіні болжанады. Ал 2015 жылы экспорт көрсеткіші 71 млн. тоннаға жетпек.

Естеріңізге сала кетейік, дөңгелек үстелде «Магистралдық құбыр туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистралдық құбыр мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының тұсаукесері өткізілді.

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту