Әлемдік ірі мұнай өндірушілер ондығына Қазақстанның енуіне байланысты магистралдық құбырлардың маңыэы арта түседі

размер шрифта: Aa | Aa
11.05.2012 14:28
Әлемдік ірі мұнай өндірушілердің ондығына Қазақстанның енуіне байланысты магистралдық құбырлардың рөлі арта түседі.

Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Магистралдық құбыр туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистралдық құбыр мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының тұсаукесері барысында мәлім болды.

Мұнай және газ министрлігінің Жауапты хатшысы Қанатбек Сафиновтың айтуынша, аталған құжатта магистралдық құбырларды қайта құру арқылы оларға мемлекеттің басым құқықтарын бекіту көзделеді. Сонымен қатар, магистралдық құбыр саласындағы қызмет көрсететін немесе оның қызметін пайдаланатын тұлғалардың міндеті мен құқықтарын анықтау қарастырылады. Бұдан бөлек осы салада ұлттық оператор институтын енгізу мәселесі де көзделеді.   «Елімізде өндірілетін көмірсутекті шикізаттардың айтарлықтай үлесі магистралдық құбырлар арқылы ішкі және сыртқы нарыққа шығады. Сондықтан да, бұл стратегиялық маңызға ие болып отыр. Әлемдік ірі мұнай өндірушілердің ондығына Қазақстанның енуіне байланысты магистралдық құбырлардың рөлі де арта түседі. Сондай-ақ, магистралдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдау ел бюджетінің түсімін айтарлықтай арттыратыны белгілі. Шындығында, бұл мемлекет жүргізетін көпвекторлы саясатпен тікелей байланысты экономиканың бірінші дамыған саласы. Әйтсе де осындай маңыздылығына қарамастан, магистралдық құбырлар мәселелеріне байланысты заңдық қатынастарды реттейтін нақты заңнамалық актілер жоқ. Әрине, осы салада қатынастарды қозғайтын кейбір заңдарда жекелеген нормалар бар. Алайда, олар тиімді құқықтық реттеуді қамтамасыз ете алмайды», - дейді Жауапты хатшы.

Оның айтуынша, қазіргі заңнамада магистралдық құбырлар саласын мемлекеттік реттеу мен басқаруға Үкімет пен өкілетті органдар арасындағы уәкілеттілік толық қамтылмаған.   Ал жаңа заң жобасы осындай олқылықтардың орнын толтыруға бағытталады.

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту