Қазмұнайгаз –ҚМ ауылшаруашылығы тауар өндірушілері үшін егіс науқаны кезеңінде 208 мың тонна дизель отынын жеткізеді

размер шрифта: Aa | Aa
11.05.2012 14:49

Қазмұнайгаз –ҚМ ауылшаруашылығы тауар өндірушілері үшін егіс науқаны кезеңінде 208 мың тонна дизель отынын жеткізеді деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Таратылған хабарламаға сәйкес, ағымдағы кезеңде, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі жанындағы Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесі және ЖЖМ-на баға белгілеу тетігі жөніндегі жұмыс тобының 2012 жылғы 22 ақпандағы кеңейтілген мәжіліс хаттамасына сәйкес «ҚазМұнайГаз – ҚМ» АҚ егін жұмыстарын жүргізу үшін бекітілген облыстардың ауылшаруашылығы өндірушілері атына дизельдік отын беруді жүзеге асырады.

«Егін жұмыстарын жүргізу кезеңіне (наурыз – мамыр) арналып Ауылшаруашылығы министрлігімен келісілген аграршылар сұранысының көлемі 360 мың тоннаны құрайды. «ҚазМұнайГаз – ҚМ» АҚ міндеттемелері 208 мың тоннаны құрайды, оның ішінде 77 мың тонна дизельдік отын «АМӨЗ» ЖШС-нікі, 141 мың тонна – «ПМХЗ» АҚ өндірісінікі»,-делінген хабарламада. 

7 мамырдағы ахуал бойынша 147,424 мың тонна дизельдік отын берілді, оның ішінде 52,896 мың тонна «АМӨЗ» ЖШС-нікі және 94,528 мың тонна - «ПМХЗ» АҚ өндірісінікі.

Баспасөз хабарламасында «ҚазМұнайГаз – ҚМ» АҚ аталған кестесін орындау үшін бекітілген облыстардың әлеуметтік-өндірістік объектілері мен мекемелеріне 245,413 мың тонна мазут беру тапсырылды, оның ішінде 99,503 мың тоннасы – «АМӨЗ» ЖШС өндірген, 145,910 мың тоннасы – «ПМХЗ» АҚ өндірген деп атап көрсетілген.

Бекітілген облыстардың әлеуметтік-өндірістік объектілері мен мекемелеріне ақшасы төленген мазут көлемін беру жөніндегі «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» міндеттемелерінің орындалу фактісі 99,1% (Оңтүстік Қазақстан бойынша 99,7%, Алматы облысы бойынша 99,6%) құрады.

Хабарламаға сәйкес, «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ, 2011-2012 жж. күзгі-қысқы кезеңде әлеуметтік-өндірістік объектілер мен мекемелерге, ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне төменгі бағамен ЖЖМ беру арқылы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-маңызды салаларын дамытуға үлес қосуда.

 «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 100%-ды еншілес ұйымы. Компанияның активінде – Атырау МӨЗ (99,5%), Шымкент МӨЗ (49,7%), Павлодар МХЗ (58%), «Ромпетрол» компаниясы (100% бар. Қызметінің негізгі бағыттары: мұнай өңдеуші активтерді басқару, мұнайды және мұнай өнімдерін экспорттау, мұнай өнімдерін сатудың бөлшек сауда торабын дамыту.

АСТАНА, 8 мам –Қазақстан жаңалықтары АА.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту