«ҚазТрансОйл» қаңтар-сәуір айларында мұнай тасымалын 1,7% азайтты

размер шрифта: Aa | Aa
16.05.2012 11:39
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың магистральді мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалының көлемі қаңтар-сәуір айларында 17,636 млн тоннаны құрады, бұл 2011 жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 1,7%-ға төмен, делінген компания ақпаратында.

Құжатқа сәйкес, жүк тасымалы 11,092 млрд т/шақырымды құрады, бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 5,7%-ға аз.

«ҚазМунайГаз» ҰК құрамына кіретін «ҚазТрансОйл» АҚ 5,3 мың шақырымдық магистральді мұнай құбырлары жүйесі арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдайтын бас оператор саналады. Бүгінгі таңда компания Қазақстанда шығарылатын барлық мұнайдың 60%-на дейін тасымалдайды.

Алматы. 15 мамыр. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту