«Қазатомөнеркәсіп» өндірісі Астанада жоспарланған фотоэлектр элементтерінің 75%-ын сату туралы келісімшарттарға отырды

размер шрифта: Aa | Aa
18.05.2012 10:05
 «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ Астанадағы зауытта шығару жоспарланған фотоэлектр элементтерінің 75%-ын сату туралы келісімшарттарға отырды, деп хабарладйы ұлттық компанияның басқарма төрағасы Владимир Школьник.

«Біз Өскеменде фревий – күкіртті фотоэлектр пластиналарын өндіретін зауыттың құрылысын бастадық, онда электр қуаты өндіріледі. Бұл зауыттың құрылысы үстіміздегі жылдың желтоқсанында аяқталады. Бұл пластиналардың бәрі Астанада салынып жатқан 64 МВт-тық күн панельдерін шығаратын зауытқа жеткізіледі. Өнімнің 75%-ына қатысты сату туралы келісімшарттарға қол қойылды, француз компаниялары біздің күн батареяларымызды сатып алуға дайын», - деді В.Школьник бейсенбі күні парламент мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП фракциясының жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңестің «Инновациялық кластерлердің қызметі және олардың инфрақұрылымын дамыту туралы» отырысында.

«Сонымен бірге, біз Болотовтың (жел - ҚазТАГ) ротор турбиналарының өндірісі бағытында жұмыс істеп, 5-10 КВт-тық турбиналар шығара бастадық. Бұл қондырғылар елімізде жұмыс істей бастады, саны 40 станциядан асады», - деді ол.

В. Школьниктің айтуынша, жел станциялары электр желілерінен алыс орналасқан тұтынушылар үшін энергияның қазіргі тарифтерінің кезінде де тиімді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ –уранның және оның бірігулерін, сирек металдардың, атом электр станциялары үшін ядролық отынның, арнайы жабдықтардың, технологиялардың және қос мақсатты материалдардың  экспорты бойынша Қазақстанның ұлттық операторы. Компания қызметінің негізгі бағыттары: уранды геологиялық барлау мен өндіру; ядролық отын циклының өнімдерін шығару; реакторлар құрылысы, атом электр станцияларының құрылысы; түсті металлургия және конструкциялық материалдарды шығару; энергетика; ғылым; әлеуметтік қамсыздандыру және кадрларды даярлау. 

Астана. 17 мамыр. ҚазТАГ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту