Алып компаниялар арасында ынтымақтастық орнады

размер шрифта: Aa | Aa
21.05.2012 16:23
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен ресейлік «Лукойл» арасында өзара түсіністік жөнінде меморандум қабылданды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

ҚМГ басқарма төрағасы Ләззат Қиынов пен «Лукойл» президенті Вагит Алекперов қол қойған бұл құжат ел аумағындағы лицензияланбаған бос учаскелерде геологиялық-геофизикалық зерттеу жүргізудің негізі болмақ.

Сондай-ақ хош иісті көмірсутегі өндірісіндегі технологияны зерттеу мақсатымен қызметкерлерді басқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге де қол қойылды. Тиісті жұмыс өткен жылдың қарашасынан бастап қолға алынған. Атап айтқанда, Атырау мұнай өңдеу зауытының мамандары «Лукойлдың» Пермьдегі және Волгоградтағы зауыттарында тәжірибеден өтіп келді.

Ағымдағы жылы Атыраудағы осы зауыттың 46 жұмысшысы тағы да сол жақта тәжірибеден өтеді деп жоспарланған. Өз кезегінде ресейлік компанияның қызметкерлері «ҚазМұнайГаздың» кәсіби стандарттарды дайындау саласындағы тәжірибесін зерттемекші.

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту