«Теңізшевройл» мұнай өндіру көлемін жылына 36 млн. тоннаға жеткізуге мүдделі - С.Мыңбаев

размер шрифта: Aa | Aa
21.05.2012 16:25
«Теңізшевройл» мұнай өндіру көлемін жылына 36 млн. тоннаға жеткізеді. Бұл туралы бүгін  елордада өтіп жатқан «Қазақстан - АҚШ: қауіпсіздік пен даму әріптестігіне 20 жыл» атты халықаралық конференциясы барысында ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, аталған компания әріптестерімен, оның ішінде «ҚазМұнайГаз» компаниясымен де болашақта қарым-қатынасты кеңейту жоспарын қарастыру үстінде. «Егер де ол мақұлданып, бәрі сәтті болса, онда туындайтын барлық салдарды қоса алғанда жылдық мұнай өндіру көлемі 25 млн. тоннадан 36 млн. тоннаға дейін артады», - деді министр.

С.Мыңбаевтың атап өтуінше, бүгінгі таңда Қазақ елі жылына 80 млн. тонна қара алтын өндіріп отыр. Оның 26 млн. тоннасы Шеврон компаниясының үлесінде.

АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту