Павлодар мұнай өңдеу зауытына Ресейдің қысқартқан мұнайын Қазақстан өзі жеткізіп тұрады - С.Мыңбаев

размер шрифта: Aa | Aa
21.05.2012 16:28
Павлодар мұнай өңдеу зауыты үшін Ресейдің қысқартқан мұнайын Қазақстан өзінің жеткізілімдері арқылы толықтыратын болады.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Айта кетейік, Ресей тарапы Павлодар мұнай өңдеу зауытына мұнай жеткізілімдерін 2 есеге қысқартқан болатын.

«Павлодарға мұнай тасымалы бойынша мәселе шынымен де туындап отыр. Бірақ та зауыт жұмысын тоқтатпайды. Ішкі нарықта ахуал әзірге қалыпты. Егер де Павлодарға ресейлік мұнай жеткізілмесе, техникалық мүмкіндіктермен осы қажетті көлемді ел ішіндегі тасымалмен ауыстырып және дайын мұнай өнімдерінің импортымен толықтыруға тырысамыз»,-деді министр.

С. Мыңбаевтың айтуынша, аталған көрші елден жеткізілімдер түрлі себептермен қысқарып отыр. Оның ішінде екі мемлекеттің арасында мұнай тасымалы туралы келісімге қол қоюдың кешеуілдеуіне байланысты екен.

«Келісімге қашан қол қойылатынын біз білмейміз. Бұл кешігу - Ресей жағындағы ұйымдастыру мәселелеріне қатысты болып отыр. Онда жаңа тағайындаулар жүріп жатыр. Біз аталған құжатты бекітуге үміттіміз. Алайда, бұл тұрғыда Ресейдің өзінің мүддесі , ал бізде өзіміздің мүддеміз бар»,-деп түйіндеді С. Мыңбаев.

АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту