Индонезия Қазақстанда тез пісетін кеспе өндірісін ашпақшы

размер шрифта: Aa | Aa
22.05.2012 10:12

  Индонезия Қазақстанда тез пісетін кеспе өндірісін ашпақшы, деп Индонезияның экономикалық мәселелер жөніндегі үйлестіруші министрі Мухаммад Раджасахаттамәлім етті.

«Индонезия Азияның басқа да нарықтарына ену үшін Қазақстанда тез пісетін кеспе өндірісін ашпақшы», - деді ол дүйсенбі күні Астанадағы қазақстан-индонезиялық бизнес форум барысында.

Ол сәуір айындағы ҚР президенті Н. Назарбаевтың Индонезияға жасаған сапары барысында әр түрлі компаниялар арасында уағдаластыққа қол жеткенін, оның ішінде доңғалақтар шығаратын зауыт салу, тоқыма өндірісіне қатысты уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап кетті.

«Біз авиациялық өндіріс саласындағы ынтымақтастыққа қызығамыз, осы салаға Қазақстаннан инвесторлар шақырамыз, біз сондай-ақ, фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамытуды ұсынамыз. Индонезия осы салаға Қазақстанға инвестиция салуға дайын», - деді ол.


Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ – АйгүлТүлекбаева.



PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту