ҚМГ мұнай кен орындарын пайдалану саласында индонезиялық Pertamina компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

размер шрифта: Aa | Aa
22.05.2012 10:13


Астанадағы бизнес-форум шеңберінде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»АҚ- пен (ҚМГ) индонезиялық Pertamina компаниясы арасында мұнай кен орындарын пайдалану саласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.

Қазақстандық тараптан құжатқа компания төрағасының орынбасары Құрманғазы Исқазиев, ал индонезиялық тараптан PT Pertamina президенті Карен Сетиаван қол қойды.

«Біздің артықшылықтарымыздың бірі бұл – мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық. Инденезиялық PT Pertamina компаниясы қазақстандық компаниямен мұнай кен орындарын пайдалану саласында ынтымақтастық орнату үшін меморандумға қол қоя алады», - деді дүйсенбі күні құжатқа қол қою рәсімінің алдында айтқан сөзінде Индонезияның экономикалық мәселелер жөніндегі үйлестіруші министрі Мухаммад Раджасахатта.

Сондай-ақ, бизнес-форумда «Kaznex Invest» АҚ және Индонезияның инвестицияларды үйлестіру кеңесі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.



Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту