Дағдарыс бола қалса, Қазақстан өзінің азаматтарының жағдайының нашарлауына жол бермейді, деп уәде етті президент

размер шрифта: Aa | Aa
24.05.2012 11:38

Қазақстан дағдарыс орын алған жағдайдаөзінің азаматтарының жағдайының нашарлауына жол бермейді, деп ҚР президенті Н. Назарабев мәлім етті.

«Біз дағдарыс болған жағдайда экономика қарқынын түсірмеуге, ел ахуалын нашарлатпауға дайынбыз, деп есептеймін», - деді ол сәрсенбі күні V-ші Астана экономикалық форумында.

Ол Қазақстанның қарыздары «абсолютті түрде төмен» екендігін атап өтті.

Елбасы 2008-2009 жылдарғы дағдарыстан қандай қорытынды шығарылғанын айтып берді.

«Дағдарыс әсіресе қаржы саласына ауыр соққты, және біз одан жеңіл несиелер – қақпан, деген қорытынды шығардық. Қарыз бен несиеге өмір сүруді доғару керек, және біз қазір солай етудеміз», - деді президент.

Ол экономиканың өсімін қаражатты үнемдеу мен жаңа жұмыс орындарын ашу, елдің инфрақұрылымын дамыту арқылы қолдап отырғанын атап өтті.

«Көбі дағдарыстың екінші толқынын күту керек дейді. Бірақ 5 жыл бойына дағдарыстың бірінші толқыны өтуде, екінші толқын әзірге көрінбейді. Бірақ біз бәрібір ондай жағдайға жоспар құрып қойдық. Бізде мұнай бағасы $40-50-қа дейін түскен жағдайда не істеу керектігінің жоспары бар», - деді елбасы.

Ол мұнайдан түскен барлық қаражат Ұлттық қорға түсіп жатқанын және ол Ұлттық банк қорымен қоса есептегенде $86 млрдекенін еске салды.

Астана. 23 мамыр. ҚазТАГ – АйгүлТүлекбаева.
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту