Қазақстан Астанадағы Бүкіләлемдік мұнай кеңесі отырысының жоғары деңгейде өтуі үшін барлық шараларды қолданады – Құлыбаев

размер шрифта: Aa | Aa
25.05.2012 12:13
Қазақстандық тарап 2012 жылғы 2-3 қазанда Астанада өтетін Бүкіләлемдік мұнай кеңесі (БМК) ұлттық комитеті отырысының жоғары деңгейде өтуі үшін барлық шараларды қолданады, деп хабарлады бейсенбі күні Kazenergy мұнайгаз және энергетикалық кешені ұйымдары қауымдастығының баспасөз қызметі.

«Қазақстандық тарап Астанадағы Бүкіләлемдік мұнайгаз кеңесінің жұмысы жоғары, мазмұнды және ұйымдасқан деңгейде өтуі үшін барлық шараларды қолданады», - деген Kazenergy қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаевтың сөзі ақпаратта келтірілген.

Қауымдастық ақпараты бойынша, V Астаналық экономикалық форум аясында Тимур Құлыбаев Бүкіләлемдік мұнай кеңесінің аға вице-президенті Йозеф Тотпен кездесті. Кездесу барысында көптеген ынтымақтастық мәселелер, сондай-ақ, БМК ұлттық комитетінің кезекті отырысының күн тәртібі жобасы талқыланды.

Мәліметте көрсетілгендей, тараптар «БМК ұлттық комитеті отырысының дайындығы шеңберінде  ұйымдастыру мәселелерін шешу бойынша жұмысты тездетуге келісті». «Тек Астанада БМК ұлттық комиттерінің өкілдері алдағы жылдарға жұмыс жоспарларын талқылайтын болады. БМК форумын өткізу үшін Қазақстан астанасын таңдау туралы шешім еліміздің имиджін көтеру мен республиканың мұнайгаз саласындағы мүмкіндіктерін көрсету тұрғысынан маңызды», - делінген ақпаратта.

Алматы. 24 мамыр. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту