Бүгін «Жас Ұлан» республикалық мектебінде соңғы қоңырау соғылды

размер шрифта: Aa | Aa
25.05.2012 19:16

Баспасөз баяны. Астана. 25/05/2012. Бүгін «Жас Ұлан» республикалық мектебінде соңғы қоңырау соғылды. Биыл 54 жасұландық мектептен түлеп ұшты. Мектеп партасы артта қалып, Отан қорғаушыларды емтихандар мен мектеп бітіру кеші күтіп тұр.

Read More

Мерекелік іс - шара «Жас Ұландықтардың» салтанатты түрде сапқа тұрып, білім ордасының туын алып шығуымен басталды.
Түлектерге деген ыстық ықыластары мен тілектерін мектеп басшылары мен «KAZENERGY» қауымдастығының өкілдері, ата - аналар мен білім ротасының командирлері білдірді.
Одан кейін мереке мектеп бітірушілердің қатысумен болған концерттік бағдарламаға ұласты. Іс-шара салтанатты түрде мектеп ауласында ағаш отырғызумен аяқталды. Айта кететін жәйт, бұл шараға «KAZENERGY» қауымдастығы түрткі болды. Бұл «жасыл аумақ» акциясы аясында бірнеше жылдың ішінде мектеп территориясы жасыл желекке айналуы тиіс. Осы мақсатта жыл сайын мектеп түлектері салтанатты түрде ағаш отырғызады.
Осы уақытқа дейін мектеп қабырғасынан 500 түлек ұшты, олардың көбісі әскери білімдерін шыңдап, әскер қатарында өз борыштарын орындап жүр.

alt

alt

alt alt

«KAZENERGY» Қауымдастығының
Баспасөз қызметі
Тел: +7(7172) 710199, 710181
www.kazenergy.com

Email: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту