Бакудегі мұнай-газ көрмесіне 300-ден астам әлемдік компаниялар қатысады

размер шрифта: Aa | Aa
23.05.2012 13:16
5-8 маусым күндері Баку қаласында Каспий маңы аймағының мұнай саласындағы ең ірі шаралары болып табылатын 19-шы Халықаралық көрме және «Мұнай және газ, мұнай өңдеу және Каспийдің мұнай химиясы» (Caspian Oil & Gas-2012) тақырыбындағы конференция өтеді.

Бұл туралы шаралардың ұйымдастырушысы - Iteca Caspian компаниясынан хабарлады. Жыл сайын көрме және конференция мұнай саласының жетекші мамандары мен әлемдік ойыншыларын жинап отырады. Caspian Oil & Gas жобасына Әзірбайжанның Өнеркәсіп және энергетика министрлігі мен Мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) қолдау көрсетуде.

Биылғы көрме әлемнің 32 елінің 300-ден астам компаниясын күтуде. Көрме ауданының 40 пайызынан астамын бүкіл әлемге танымал компаниялар алады, олардың көбі Caspian Oil & Gas көрмесінің тұрақты қатысушылары болып табылады.

Экспозициялар Baku Expo Centre-нің екі павильонын алады. Көрме мұнай өндіру және энергиялық қорларды тасымалдау саласындағы инновациялық технологиялармен, аймақтың қазіргі кездегі және болашақтағы мұнай-газ жобаларымен таныстырады.

«Мұнай және газ, мұнай өңдеу және Каспийдің мұнай химиясы» (Caspian Oil & Gas-2012) тақырыбындағы конференция Caspian Oil and Gas іскерлік бағдарламасының маңызды оқиғасына айналады. Ол әлемдік энергетикалық нарықтың көкейкесті мәселелерін қамтиды, соның ішінде аймақтық ынтымақтастық, елдегі жаңа жобаларды дамыту, Каспий аймағының инфрақұрылымдық энергетикалық жобаларын дамыту бар.

БАКУ. 22 мамыр. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту