«ЭксонМобил» - Қазақстан үшін маңызды серіктес, өйткені бізге ұлттық экономиканы қарқынды дамытуға және табиғи ресурстарды тиімді игеруге көмектесуде - Нұрсұлтан Назарбаев

размер шрифта: Aa | Aa
24.05.2012 13:18
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев V Астана экономикалық форумы аясында «ЭксонМобил» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы, бас атқарушы директоры Рекс Тиллерсонмен кездесті. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда «ЭксонМобил» компаниясымен берік серіктестік қарым-қатынастар орнағанын атап өтті.

- Біз осы ынтымақтастықты одан әрі дамыту ниетіндеміз. Біздің бәрімізді «Қашаған» жобасын іске асыру қызықтырады, бұл жөнінде барлық мәселе келісілген. Сонымен қатар, сіздің компанияңыз Шетел инвесторлар кеңесіне белсене қатысады. «ЭксонМобил» - Қазақстан үшін маңызды серіктес, сондықтан бізге ұлттық экономиканы қарқынды дамытуға және табиғи ресурстарды тиімді игеруге көмектеседі, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Р.Тиллерсон де Қазақстанмен серіктестік қарым-қатынастардың одан әрі дамитынына сенім білдірді.

«ЭксонМобиль» әлемдегі ірі жеке меншік мұнай компаниясы болып табылады. Корпорация Қазақстанда 19 жыл жұмыс істеп келеді, Солтүстік-Каспий мен Теңіздегі жобаларға, Каспий құбыры консорциумы мен Қазақстан Каспий жүйесі тасымалына қатысады.

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту