2030 жылға қарай Қазақстан газ жеткізілімдері бойынша әлемдік нарықта елеулі орында болады - V Астана экономикалық форумы

размер шрифта: Aa | Aa
24.05.2012 13:19
 Алдағы 20 жылда Қазақстан газ жеткізілімдері бойынша әлемдік нарықта елеулі орында болады. Бұл туралы бүгін V Астана экономикалық форумы аясында энергия көздеріне арналған сессияда ҚР  Мұнай және газ вице-министрі  Болат Ақшолақов мәлім етті.

«Өндірілетін газдың қоры  бүгінде 3,9 трлн.  текше метрді құрайды. Газ қоры бойынша Қазақстан әлемде 18 орында тұр. Қазіргі кезде газды өндіру көлемі 40 млрд. текше метрге жуық көрсеткішті құрайды. 2030 жылға қарай 109-110 млрд. текше метр газды өндіру болжанып отыр», - деді ол.

Осы тұрғыда ол бүгінде әлемде газды пайдалану көлемі артып келе жатқанын ескеріп өтті.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, Қазақстанда мұнайға қарағанда газ бойынша жағдай өзгеше. Яғни, елімізде өндірілетін газ негізінен іліспе болып келеді. Технологиялық тұрғыда ол сұйық  көсірсутектерді өндіру бойынша қысымды қалыпты ұстап тұру үшін жер қабатына қайта жіберіледі. Бүгінде тауарлық газды өндіруде Қазақстан жаһандық ойыншы болып табылмайды. Алайда, сұйық көмірсутектерді өндіру бірте-бірте төмендейтінін және бұл газды өндіру керектігін ескергенде, аталған 110 млрд. текше метрді өндіру алдағы уақытта орындалатын болады.

«Қазақстан болашақта газды ауқымды көлемде өндіретіндердің қатарында болуы мүмкін»,-деп түйіндеді Б. Ақшолақов.

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту