40,5 км-ге созылған Ащысай-Құмкөл қорытындылаушы мұнай құбыры іске қосылды

размер шрифта: Aa | Aa
01.06.2012 13:26
 Ащысай-Құмкөл қорытындылаушы мұнай құбыры іске қосылды, деп хабарлады «КОР» мұнай компаниясы» АҚ баспасөз хатшысы Раушан Базарбай жұма күні.

«Құбырды салу кезінде Ащысай кен орнының мұнай жинай жүйелерін кесіп өтуге, ал Құмкөл кен орнындағы қабылдау-тапсыру пунктінің (ҚТП) алаңына жақындағанда магистральды мұнай және газ құбырларын кесіп өтуге тура келді», - деп мәлім етті «КОР»мұнай компаниясы» АҚ бас директоры Марат Нұрпейісов енді Ащысай кен орны «ҚазТрансойл» АҚ-ының магистарльды құбырларының жүйесіне шыққанын айта отырып.

Оның айтуынша, Ащысай-Құмкөл құбыры арқылы мұнай тасымалдау мұнай жоғалтуларын азайтып, оның өзіндік құнын төмендетеді, ал компаниямұнай логистикасының жолға қойылған автоматтандырылған инфрақұрылымына ие болады.

«Ащысай – бірегей кен орны, онда көмірсутек өндіру табиғи газсыз жүзеге асырылады, игеру су айдамастан жүргізіліп, қабаттардағы қысым жерасты суларының әсерімен ұсталады», - деп мәлім етті Қызылорда облысының әкімі Абай Алпамысов жаңа мұнай құбырын іске қосу рәсімінде.

«КОР» компаниясы Ащысай кен орнын өнеркәсіптік пайдалануды 2004 жылы бастады. Осы уақытта 3 млн-нан аса мұнай алынды.

«Бүгінгі күні жылдық мұнай өндіру 400 мың тоннаны құрайды. Кейбір учаскелер бойынша мұнай алу коэффициенті 65%-дан асады», - деді М. Нұрпейісов.

Еске сала кетейік, 40,5 км-ге созылған аталған мұнай құбырын сәуірде іске қосу жоспарланған болатын. «Өндірістік қажеттіліктерге, технологиялық процестерді пысықтау мақсатында бұл мерзім кейінге шегерілді», - деп түсіндірді «КОР» мұнай компаниясы» АҚ  әлеуметтік жобалар және шаруашылық қамсыздандыру бөлімінің бастығы Салтанат Камалова.

Қызылорда. 1 маусым. ҚазТАГ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту