Жер қойнауын пайдаланушы компаниялар Үкімет Қаулыларымен бекітілген экологиялық бақылаудың жаңа ережелеріне байланысты алаңдаушылықтарын білдіреді

размер шрифта: Aa | Aa
04.06.2012 18:14

Астана. 04.06.2012. Жер қойнауын пайдаланушы компаниялар Үкімет Қаулыларымен бекітілген экологиялық бақылаудың жаңа ережелеріне байланысты алаңдаушылықтарын білдіреді. Бұл туралы  «KAZENERGY» қауымдастығының тұраұты даму жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында хабарланды.

Read More

«Каспий теңізінің Қазақстандық секторында мұнай операцияларын өткізу кезінде өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі Ережелерді бекіту туралы» және «Каспий теңізінің Қазақстандық секторында мұнай операцияларын өткізу кезінде аялық экологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі Ережелерді бекіту туралы» Үкімет Қаулылары ағымдағы жылдың 10 маусымынан бастап өз күшіне енуі тиіс. Оларға сәйкес, табиғатты пайдаланушылар барлық келісім-шартқа енетін аумаққа төрт климаттық мезгіл бойынша экологиялық бақылауды жыл сайын өткізуі қажет.

Дегенмен, Қауымдастық мүшелерінің сөзіне сенсек, құжаттарды дайындау барысында Қоршаған ортаны қорғау министрлігі олардың ұсыныстарын ескермеген. Жоғарыда аталып өткен қаулылар қатаң және нақтыланған талаптар қояды, олардың көпжақты ғылыми, экологиялық, заңдық және техника-экономикалық бағалауы жоқ. Каспий теңізінің Қазақстандық секторындағы зерттеу кемелері жүрісінің айтарлықтай артуына байланысты, атап айтқанда, оның майда тұсында, көлемді бақылау жұмыстары биологиялық ресурстарға (итбалықтар, балықтар, құстар) және олардың тіршілік ортасына (құстардың ұя салу орындары, балық өндіргіштер, балықтардың көшу жолдары) көлемді жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін. NCOC консорциумының қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы заңнама жөніндегі үйлестіруші Гүлнар Нұрпейісованың сөзіне сүйенсек, табиғатты пайдаланушыларға мемлекеттік экологиялық бақылау міндеттері негізсіз жүктеліп отыр, ал экологиялық бақылаудың өзі мұздық жағдайларына, қауіпсіздік техникасына, логистика мәселелеріне байланысты 4 мезгіл өткізіле алмайды (бір жыл аралығында).

Ережелердің қатаң талаптары қосымша зерттеу станцияларының құрылуын қажет етеді, сол себепті олардың КТҚС-ғы барлық еншілес аумақтарының жалпы ауқымын ескергендегі жалпы саны төрт мыңға дейін артуы мүмкін. «Жоғарыда айтылған Қаулылармын бекітілген, өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізуге деген талаптар әлемдік тәжірибеде бұрын соңды болмаған шара болып табылады», -деп мәлімдеді Гүлнар Нұрпейісова.

«Алыстан алдын ала тексеру орталығы және ГИС «Терра» Бас директоры Борис Гельдыев экологиялық бақылаудың ортақ жүйесін енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, мемлекет өзінің, ал жер қойнауын пайдаланушылар өзінің бақылауын жүргізеді, ал зертханалық зерттеулердің қорытындылары әр түрлі нәтиже көрсетіп, тіпті бір-бірін жоққа шығарады.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілдері келтірілген дәлелдердің барлығымен келіскен жоқ. Дегенмен, диалогқа деген ашықтылығын білдірді. Қауымдастық төрағасы Тимур Құлыбаев болашақта бұл мәселе бойынша ҚОҚМ өкілдері «KAZENERGY»  Қауымдастығымен бірге нәтижелі жұмыс істейтіндігіне сенім білдірді. Экологиялық мониторинг мәселелері бойынша оңтайлы шешім дайындау жөніндегі жұмыс жалғасын табады, бұл мәселе бойынша жеке жұмыстық топ құрылды.

«KAZENERGY» Қауымдастығының
Баспасөз қызметі
Тел: +7(7172) 710199, 710181
www.kazenergy.com
Email: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту