2013 жылға арналған парниктік газдар шығындыларына квоталар үлестіру Ұлттық жоспарының жобасы маңызды түзетулерді талап етеді

размер шрифта: Aa | Aa
04.06.2012 18:12

Астана. 04.06.2012. 2013 жылға арналған парниктік газдар шығындыларына квоталар үлестіру Ұлттық жоспарының жобасы маңызды түзетулерді талап етеді.

Бұл туралы  «KAZENERGY» қауымдастығының тұрақты даму жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында хабарланды.

Read More

Ұлттық жоспар жобасы парниктік газдар шығындыларына бөлінген квоталардың жалпы көлемін, сонымен қатар, 2013 жылға арналған квоталарды үлестіру негіздерін анықтайды. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жұмыс жүргізіп жатқан жобаға сәйкес, 2010 жыл шығындылар квоталарын есептеу үшін негізгі болып алынып отыр. Бірақ «Теңізшевройл» ЖШС өкілі Светлана Дебиссидің сөзіне сүйенсек, бұл мәселеде бағдар ретінде дағдарыстан кейінгі 2010 жыл емес, Қазақстанда ірі алға жетелейтін жобалар жүзеге аса бастаған, кешіректеу кезең болуы тиіс. «Егер біз өзімізді 2010 жылғы көрсеткіштер шеңберімен шектейтін болсақ, басқа ірі жобалардың көбісінің жүзеге асырылуна кедергі туындайды, дейді Қауымдастық мүшелері.

Киото Хаттамасына мүшелік ету міндеттемелеріне сәйкес, Қазақстан 1992 жылмен салыстырғанда парниктік газдар шығындысын 2020 жылға дейін 15%, ал 2050 жылға дейін 25%-ға дейін төмендетуі тиіс. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Ұлттық жоспар жобасы дайындалу үстінде. Парниктік газдар шығындыларына бөлінетін квоталарды үлестірудің Ұлттық жоспарын дайындау жөніндегі жұмыс тобы осы жылдың наурызында ғана құрылды, уақыт тығыздығы салдарынан Қауымдастық мүшелері барлық отырыстарына қатысу, өз ұсыныстарын беру мүмкіндігінен айырылды. Жоспар бойынша, маусымның соңына дейін жобаны әзірлеуге қатысты жұмыс аяқталуы тиіс.

Дегенмен, ҚОҚМ және «KAZENERGY» қауымдастығының өкілдері толығымен дайын құжат дайындау үшін уақыт жеткіліксіз деп санайды. KAZENERGY» қауымдастығының Төрағасы Тимур Құлыбаев Қауымдастықтың Атқарушы комитетіне квоталарды үлестірудің Ұлттық жоспарын жасау жөніндегі жұмыс мерзімін осы жылдың соңына дейін ұзартуды сұрайтын премьер-министрдің атына хат дайындауды тапсырды.

«KAZENERGY» Қауымдастығының
Баспасөз қызметі

Тел: +7(7172) 710199, 710181
www.kazenergy.com

Email: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту