«KAZENERGY» қауымдастығы Өндіруші салалар қызметінің ашықтылық бастамасын (ӨСАБ) жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жандандырады

размер шрифта: Aa | Aa
04.06.2012 18:12

Астана. 04/06/2012. «KAZENERGY» қауымдастығы Өндіруші салалар қызметінің ашықтылық бастамасын (ӨСАБ) жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жандандырады.
 Бұл мәселе «KAZENERGY» қауымдастығының тұрақты даму жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында қарастырылды.

Read More

ӨСАБ туралы ұсыныс алғаш рет 2002 жылы қозғалған болатын.

2005 жылы президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан ӨСАБ-ын жүзеге асыру жөніндегі міндеттемені өз мойнына алды. Оның негізгі мақсаты – өнеркәсіптің өндіруші салаларындағы компаниялар бойынша бюджетке салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің түсу ашықтылығына қол жеткізу арқылы валидациядан өту (ӨСАБ стандарттарына сай келудің Халықаралық басқармамен жүйелі түрде және тәуелсіз бағалануы мен расталуы).

ӨСАБ-ына қолдау көрсетудің айтарлықтай ұзақ тарихына қарамастан, Қазақстан әлі күнге дейін толық құқықтық мүшелік етуге талапкер мәртебесінде қалып отыр. Жұмыстардың тұрып қалу себептерінің арасында: осы мәселе бойынша үкіметтік емес ұйымдардың іс-қимылдарының келісілмегендігі, өнеркәсіптің толық қамтылмауы, ӨСАБ жөніндегі есепте әлеуметтік немесе қоғамдық маңызы бар қажеттіліктерге деген шығындардың ескерілмегендігі, коммуникация бойынша жеткіліксіз жұмыс бар.
ӨСАБ халықаралық басқармасының соңғы ұсынысына сәйкес, Қазақстан қажетті түзетулер енгізу керек,  және 2013 жылың тамызына дейін валидация талаптарын толық орындауға мүдделі.

Өзгелерден басқа, қойылған шарттарға ӨСАБ бойынша есеп үшін жұмыс көлемі жөніндегі толыққанды зерттеу жүргізу (Scoping study), ӨСАБ жөніндегі есепке әлеуметтік инвестицияларды енгізу және Қазақстанда ӨСАБ-ын дәріптеу сияқты талаптар кіреді.

«KAZENERGY» қауымдастығы Бастамаға қатысты белсенді түрде жұмыс істеуде, «KAZENERGY» мүшелері Ұлттық Кеңес құрамына кіреді, сонымен қатар, жұмыс топтарының жұмысына белсене қатысады. «KAZENERGY» коммуникация жөніндегі топты басқарады, валидация, салыстырып тексеру жөніндегі компания үшін Техникалық тапсырманы жасау жөніндегі топта ұсыныс әзірлеуге белсенді түрде қатысады.

Қауымдастық Төрағасы Тимур Құлыбаев аталмыш бағыттағы жұмысты белсенділетуді, энергетика секторының бәріне ортақ ұстанымын әзірлеуді ұсынды.
Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындыларына сәйкес, оның шеңберінде ӨСАБ бойынша жұмыс тобы құрылатын болды.

«KAZENERGY» Қауымдастығының
Баспасөз қызметі
Тел: +7(7172) 710199, 710181
www.kazenergy.com
Email: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту