Қазақстан мұнайын Қытайда өңдеу мүмкіндігін жасау үшін қажет заңнамалық өзгертулер жыл соңына дейін қабылданады

размер шрифта: Aa | Aa
05.06.2012 14:45
Қазақстан мұнайын Қытайда өңдеуге мүмкіндік беретін заңнамаға түзетулер 2012 жылдың соңына дейін қабылданады, деп хабарлады мұнай және газ министрлігінің (МГМ) мұнай өнімдерін өңдеу және өндіру мониторингі басқармасының бастығы Әлішер Арғымбаев.

«Қазіргі уақытта заңға – салық кодексіне ілеспе түзетулер мемлекеттік органдармен: қаржы министрлігімен, ЭДСМ, әділет министрлігімен пысықталып, ҚР парламентіне енгізілді. Онда «Жер туралы» сәйкес заң қаралды. Оған да өзгертулер енгізілді... Қазір бұл заң жобасы сенатқа түседі. Жақында сенат қарап, бұл құжат үшін дауыс беріп, ол президентке қол қоюға жіберіледі деп ойлаймын. Биыл қол қойылады. Басты мақсаты мен міндеті – (ЖЖМ - ҚазТАГ) тапшылығының орнын толтыру», - деді ол сейсенбі күні «KazRefinEx-2012» VII халықаралық мұнай өңдеу жөніндегі симпозиумда.

Оның айтуынша, заңнамаға өзгертулер шетелде мұнай өңдеу операцияларына салық жеңілдіктерін беруді қарастырады.

«Бұл өзгертулерде салық жеңілдіктері де бар. Бұл өңдеу өңдеуші мұнай өңдеудің ішкі нарығына кірген деп есептеледі. Салықтардың бәрі бұл мұнай біздің республиканың аумағында өңделгендегі сияқты салынады», - деді А.Арғымбаев.

Оның айтуынша, Қытайда Қазақстан мұнайы Душанзы МӨЗ-інде өңделуі мүмкін. Алдын ала мониторингке сәйкес, кәсіпорынның бос қуаты бар.

Қытайда жылына 1,5 млн тонна мұнай өңдеу жоспарланып отыр. 

Алматы. 5 маусым. ҚазТАГ – Ақжол Сәдешов.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту