Назарбаев Бейжіңде CNPC мұнай компаниясының басшысымен танысты

размер шрифта: Aa | Aa
06.06.2012 15:12

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға ресми сапары аясында «CNPC» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Цзянь Цземиньмен кездесті, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Кездесуде Қазақстан мен «CNPC» компаниясының түрлі салалардағы өзара ынтымақтастық мәселелері қаралып, бірлескен жұмыстың одан арғы негізгі бағыттары анықталды», - делінген сәрсенбі күні Ақорда сайтындағы ақпаратта.

«CNPC» (China National Petroleum Corporation) әлемде көшбасшы орында келе жатқан кешенді халықаралық энергетикалық компания болып табылады. «CNPC» компаниясы әлемнің 29 елінде мұнайгаз инвестициялық операциясын жүргізеді.

Қазақстанда «CNPC» компаниясы 1997 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта корпорация мұнайгаз инвестициясы және мұнайгаз кен орындарында инженерлік-техникалық қызмет көрсету тәрізді операцияларды жүзеге асырады.

Астана. 6 маусым. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту