Энергетика саласындағы заңнама инвесторлар үшін экономикалық жағынан тартымды болуы тиіс

размер шрифта: Aa | Aa
11.06.2012 11:53

Астана. 11/06/2012   Энергетика саласындағы заңнама инвесторлар үшін экономикалық жағынан тартымды болуы тиіс.
 
 Бұл туралы «KAZENERGY» қауымдастығының энергетикалық саланы дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі отырысында жарияланды.

Мәжілісте «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Заң жобасы қарастырылу үстінде. Осы заң жобасын дайындаудың басында отандық сарапшылар оған белсене қатысты, дегенмен Парламент қабырғасында жеке мәселелерді қорғауға тура келіп тұр.

Заң жобасы қазіргі түрінде ЖЭК дамыту саласын мемлекеттік реттеуге бағытталған, бұл шара инвесторлар арасында алаңдаушылық тудырып отыр. Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығының төрағасы Шәймерден Оразалиновтың сөзіне сүйенсек, аталмыш заң жобасында ұсынылып отырған жыл сайынғы индекстелетін тарифті бекіту инвесторлар үшін инвестицияларының қайтарылу қайтарылмау белгісіздігі қаупі сынды тосқауылдар қояды және оның жобаны жүзеге асыруынан бас тартуына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Айналымдағы Заң ережелеріне сәйкес ЖЭК объектілерімен өндірілетін қуатты, табиғи монополия субъектілері болып табылатын электр жүйелік компаниялар міндетті түрде сатып алуы тиіс. KAZENERGY мүшелерінің пікірінше бұл шара ЖЭК дамуының бастапқы кезінде ұтымды шешім.

Қазақстанда ЖЭК дамуына кедергі болатын мынадай бірнеше факторлар бар: нормативтік құқықтық базаның және мемлекеттің ынталандырату саясатының жоқтығы. Сонымен қатар, саладағы ғылыми зерттеу жаңалықтарын қаржыландырудың жетіспеушілігі, инженерлік, ғылыми кадрлардың төмен біліктілігі және ЖЭК жобаларының ауқымды қаражат талап ететіндігі қосымша кедергі туғызатын себептер болып отыр.  

Сондай-ақ, жаңа жобаларды іске асырумен қатар, энергетика секторын терең жаңғырту мәселесін де ойластыру керек. Үлкен қаржы талап етеін мұндай жұмыстардың қаржыландыру тетіктері жөнінде қоғамда біртұтас пікір жоқ. Мемлекеттің әлеуметтік саясатына сәйкес, тек қана тарифтерді көтеру арқылы салынған ақшаны қайтару мүмкін емес. Демек, саланың тартылымдылығының басқа тетіктерін іздеу қажет.

KAZENERGY қауымдастығыңың төрағасы Тимур Құлыбаевтың айтуынша, еліміздің энергетикалық секторына инвестиция тарту үшін экономикалық ынталандыру көздері жоқ. Сондай-ақ, оның ойынша, энергия өндеру көзі ретіндегі тиімді жанар-жағар май тепе-теңдігін сақтап қалу мәселесі өте өзекті. Газ, көмір, немесе ЖЭК – қандай бағыттарды әрі қарай дамыту қажет, бұл сұрақ алдағы жылдарда қозғалатын маңызды мәселе және оның шешімі мұқият ойластырылуы тиіс.

Энергетиктердің үміті 2011 жылы әзірленген ҚР энергетика саласын 2030 жылға дейін дамыту Мастер- Жоспарымен байланысты болып отыр. Бұл құжаттың басты мақсаты- энергия тиімділігі және энергияны үнемдеу қағидаларын ұстанатын энергия-экологиялық экономикаға өту. Мастер-Жоспар негізінде KAZENERGY қауымдастығы мүшелерінің қатысуымен, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен саланың 2030 жылға дейінгі даму Бағдарламасы дайындалып жатыр.
KAZENERGY Үйлестіру кеңесінің жұмысына Мәжіліс депутаттары да қатысты. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Заң жобасына қатысты жұмысты бірігіп жүргізу туралы шешім қабылданды.

Аталмыш мәселені талқылауды қорытындай келе, Қауымдастық Төрағасы Тимур Құлыбаев Үйлестіру кеңесі мүшелеріне экономикалық жағынан негізді энергетика саласының тартымдылығын арттыру жөніндегі ұсыныстар дайындауды тапсырды. Бұл құжатты ағымдағы жылдың қазан айында Үкіметтің ведомствоаралық комиссия алдына талқыға салу үшін шығару жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Үйлестіру кеңесінің отырысында Смарт-грид Қазақстан интелллектуалды энергетикалық жүйесін дамыту жобасы қарастырылды. Осы жүйеге сәйкес энергетика жүйесінің көптеген құрама бөліктерінен түскен ақпарат қуатты серверлерге келіп түсуі қажет, содан соң компьютер орталықтарымен өңделіп, атқарушыларға жүйе арқылы жіберілуі тиіс. Интеллектуалды энергия жүйесі инновациялық дамуға және Қазақстан ғылыми потенциалының дамуына түрткі болуы тиіс, деп санайды «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев. Дегенмен, интеллектуалды энергия жүйесін жүзеге асыру үлестіргіш электр жүйелерін техникалық қамтудың айтарлықтай тозғанына байланысты қиындайды.

Энергетика саласын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі отырысын қорытындылау барысында, энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі, саланың инвестициялық тартымдылығы, тиімді жанар-жағар май тепе-теңдігін анықтау және т.б. секциялар бойынша жұмысты белсенділету шешімі қабылданды.
KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев тау-кен өнеркәсібі және басқа да мүдделі жақтар өкілдерін электр энергетикасы саласының өзекті мәселелерін талқылауға белсенді қатысуға шақырды.
                                   

«KAZENERGY» Қауымдастығының
Баспасөз қызметі
Тел: +7(7172) 790199, 790181
www.kazenergy.com

Email: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту