Қазақстан СІОС мұнай компаниясына қарсы арбитраж сотында жеңіске жетті

размер шрифта: Aa | Aa
11.06.2012 12:21
Қазақстан Caratube International Oil Company LLP (CIOC) мұнай компаниясына қарсы арбитраж сотында жеңіске жетті,деп хабарлады ҚР әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

«2012 жылдың 5 маусымында инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ИДРХО) төрелік алқасы Қазақстан Республикасы мен Caratube Internatioanl Oil Company LLP (CIOC) компаниясының арасындағы іс-талқылау бойынша шешім шығарды. CIOC талаптарының жалпы сомасы 1, 2 млрд АҚШ долларынан асты. ИДРХО бұл талаптарды қабылдамай, CIOC-қа Қазақстанға сот шығындарының өтемі ретінде 3, 2 млн АҚШ долларын өтеуді өкім етті.

 Әділет министрлігінің баспасөз қызметі төрелік іс-талқылау бұдан төрт жыл бұрын басталғанын еске салады. Іс бойынша негізгі тыңдаулар Париж қаласында өтті.

Дау Қаратөбе мұнай кен орнындағы көмірсутекті барлау мен өндіруге келісім-шартының CIOC-тың сол шарт ережелерін сақтамауы себебінен бұзылуымен байланысты. CIOC-тың пайымдауынша, бұл іс-талқылауға негіз болған және компанияның бояма иесі Девинчи Хуранидің АҚШ азаматтығына байланысты ИДРХО конвенциясы мен Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты инвестициялық келісім.

Компанияның формальды түрде Девинчи Хуранидің иелігінде болғанына қарамастан, төрелік алқа CIOC дәлелдерін қайтарып, істің өз қарауына жатпайдындығы жөнінде шешім шығарды. Төрелік алқаның қорытындысы бойынша, Девинчи Хуранидің инвестиция құйып CIOC-ты өзі басқаруы жөнінде жеткілікті дәлелдер келтірілмеді.

 Бұл төрелік іс-талқылау барысындағы мемлекет мүдделерін қорғауға байланысты жұмыстарды ҚР әділет министрлігі үйлестірді.        

Астана. 11 маусым. ҚазТАГ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту