«Чайна Петроль» компаниясы жылдық қуаты 10 млн тонна болатын Шымкент-ШҰАР мұнай құбырын салады

размер шрифта: Aa | Aa
11.06.2012 12:43
 «Чайна Петроль Компани «Джунда»компаниясы жылдық қуаты 10 млн тонна болатын Шымкент-ШҰАР мұнай құбырын салады, деп хабарлады жұма күні ҚырТАГ.

««Чайна Петроль Компани «Джунда» компаниясы ұзындығы 1100 км және алдын ала қуаты жылына 10 млн тонна болатын Шымкент-Қара-Балта-Ыстықкөл-Ақсу (ҚХР ШҰАР) мұнай құбырын салады», - деді «Чайна Петроль Компани «Джунда» ААҚ бас директорының орынбасары Чжао Шунрон жұма күні Қара-Балта мұнай өңдеу зауыты салынатын жерде.

Оның айтуынша, мұнай құбырының Шымкенттен Қара-Балтаға дейінгі ұзындығы шамамен 400 км құрайды.

«Шикі мұнай жылына 10 млн тонна көлемде тасымалданады, оның 1,5-2 млн тонна бензин, дизель отыны, май, сұйытылған газ қылып өңделеді. Бүкіл өнім Қырғызстанда сатылады», - деді Ч.Шунрон.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан, Қырғызстан және ҚХР-дың үшжақты комиссиясы құрылды, ол барлық процедуралық мәселелерді шешумен айналысады.

Еске сала кетейік, Шу облысының Қара-Балта қаласында 2009 жылдан бері $250 млн көлемінде Қытай инвестицияларын тарту арқылы мұнай өңдеу зауытының құрылысы басталды.

Бішкек. 8 маусым. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту