Каспийдің құқықтық мәртебесінің айқын болмауы жаңа құбырлардың құрылысына кедергі келтірмейді - Еуроодақ

размер шрифта: Aa | Aa
14.06.2012 12:39

 Каспийдің мәртебесі айқындалғанша теңіз арқылы құбыр салу үшін ешқандай қиындық жоқ, деп есептейді Еуроодақтың Қазақстан мен Түркменстандағы өкілдігінің басшысы Аурелия Бушез, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Біз жағалау мемлекеттерінің Каспийдің жаңа мәртебесіне қатысты ағымдағы келіссөздері мұнай және газ құбырларының құрылысы пен оларды пайдалануға кедергі келтірмейтінін байқап отырмыз. Бұдан басқа, біздің пікірімізше, бүгін Каспий арқылы құбыр салу үшін оны іс жүзінде делимитациялаумен айналысудың қажеті жоқ. Құбырларды әрине бар шекаралар арқылы салуға болады, жай, әлі олардың мәртебесі келісілмеген», - деді ол бейсенбі күні «Каспий қайраңын дамыту» мұнай-газ конференциясында.

Ол Солтүстік теңізде магистральды құбырлардың құрылысы кезінде де осындай проблемалар болғанын айтты.

А. Бушез өз сөзінде Транскаспий құбырының құрылысы экология үшін теріс салдарға алып келмейтінін айтты.

«Транскаспий газқұбырына келсек, біз бұл жобаның экологиялық аспектілерін зерттеу бойынша жұмыс жүргіздік. ЕО қаржыландырған зерттеулердің нәтижесінде алынған мәліметтердің негізінде Транскаспий газ құбырын жүзеге асырмауға әкелетін бір де бір экологиялық мәселе анықталған жоқ», - деді ол.

Бұдан басқа, өкілдік басшысы аталған жоба көмірсутек экспорты үшін ұқсас схемалармен және «басқа бағыттармен салыстырғанда қауіпсіз» деп есептейді.

«Біз біздің ксапийлік әріптестерімізбен және халықаралық қаржы институттарымен бірге экологиялық мәселелердің бәрін шешу үшін бұл саладағы жұмысты қаржыландыруды жалғастыруға толығымен дайынбыз», - деді ол.

Еске сала кетейік, Қазақстанның ресми тұлғалары Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтау мәселесі шешілмесе, Транскаспий құбырының мәселесі қарастырылмайды деген болатын. 

Астана. 14 маусым.ҚазТАГ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту