Қашаған 2112 жылға дейін тиімді болады - ҚМГ

размер шрифта: Aa | Aa
15.06.2012 11:38

Қашаған кеніші 2112 жылға дейін тиімді болады, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ төраға орынбасары Құрманғазы Исқазиев.

«Екінші кезеңі, үшінші кезеңі болады, 2112 жылға дейін кеніш тиімді (болады – ҚазТАГ), сондықтан бізде әлі уақытымыз бар», - деді ол жұма күні «Каспий қайраңын дамыту» атты конференцияда.

Қашаған – соңғы 40 жылда ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі. Сарапшылардың болжамына сәйкес, Қашағанмен Қазақстанның әлемдегі мұнай өндірушілердің алғашқы бестігіне кіру мүмкіндігі бар.

Бастапқыда Қашағанда мұнай өндіру жұмыстарын 2005 жылы бастау жоспарланған болатын, алайда техникалық қиындықтарға байланысты кен орнында өндіру жұмыстары 2012 жылдың соңы – 2013 жылдың басына ауыстырылды.

Қазіргі уақытта Қашаған жобасына қатысушылар болып табылатын компаниялар: Eni, Royal Dutch Shell, Exxon Mobil, Total және «ҚазМұнайГаз», бұлардың үлестері тең (16,81%-дан), сондай-ақ, американдық ConocoPhillips - 8,4%  және жапониялық - 7,55%. Жобаның операторы - North Caspian Operating Company B.V.

 

Астана. 15 маусым. ҚазТАГ - АйгүлТүлекбаева.
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту