Қазақстандық мұнай Қырғызстанның солтүстігінде салынып жатқан мұнай өндеу зауытына жеткізілетін болады

размер шрифта: Aa | Aa
09.06.2012 10:32
Мұнай қазақстандық Шымкент қаласынан темір жол арқылы қырғызстандық Қара Балта қаласындағы мұнай өндеу зауытына жеткізілетін болады.

Бұл туралы бүгін Қырғызстан парламентіндегі «Ата Мекен» депутаттық фракциясының отырысында республиканың Энергетика және өнеркәсіп министрі Асқарбек Шәдиев хабарлады.

Қырғызстандық министрдің айтуынша, қытайлық «China National Petroleum Corporation» компаниясы Қара Балта қаласындағы мұнай өндеу зауытының құрылысына 50 млн. АҚШ долларын салды. Қытайлық компаниясының тарапынан инвестициялардың жалпы көлемі 250 млн. АҚШ долларын құрайды. «Зауытта А-80, А-92 маркалы бензин, дизельдік отын, мотор майы, мазут өндірілетін болады. Зауыт аумағы 43 гектарды құрайды. Зауыт нысанында шамамен 600 адам жұмыс істейді, олардың 300-і - Қырғызстан азаматтары», - деді А.Шәдиев.

Көршілес республиканың энергетикалық ведомствосының басшысы жанар-жағармайдың алғашқы 20-30 тоннасы 2012 жылдың қыркүйек-қазан айларында өндірілетінін нақтылап айтты. Бұл ретте мұнайдың Қара Балта зауытына Қазақстаннан, атап айтқанда Оңтүстік Қазақстан облысынан жеткізілетіні жоспарлануда. Қазіргі уақытта тараптар жеткізілімдердің жағдайы мен түрлері бойынша келіссөздер жүргізуде.

БІШКЕК. 8 маусым. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту