Қызылордадағы мұнай компаниясына 27 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды

размер шрифта: Aa | Aa
10.06.2012 10:33
Қызылорда қаласындағы «ҚуатАмлонМұнай» компаниясы сот арқылы 27 021 641 теңге айыппұл төлеу жазасына тартылды, деп хабарлады облыстық сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметінен.

Бұған облыстық салық департаменті жүргізген кешенді тексерулер барысында анықталған бұзушылықтар негіз болды.  Атап айтқанда, «ҚуатАмлонМұнай» СП ЖШС 2007 жылдың 1 қаңтарынан 2008 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта декларацияларға кіріс-шығыс туралы бұрмаланған мәліметтер енгізіп, ірі көлемде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған болып шықты.

Осыған сәйкес, қалалық мамандандырылған әкімшілік соты серіктестіктің ісін қарап, мемлекет пайдасына 27 021 641 теңге айыппұл өндіру туралы өкім шығарды.

ҚЫЗЫЛОРДА. 9 маусым. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту