Қазақстан энергетикасының 87 пайызға жуығы көмірмен жұмыс істейді - Қоршаған ортаны қорғау министрі

размер шрифта: Aa | Aa
12.06.2012 10:36
Қазақстан энергетикасының 87 пайызға жуығы көмірмен жұмыс істейді. Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров осылай мәлім етті.

Экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдарына қатысты баяндама жасаған  Н. Қаппаров еліміздің экологиялық мәселелерін басты үш топқа бөліп қарастырды. Оның біріншісі, әуе бассейінін ластаушылардың негізгісі болып табылатын,  сондай-ақ парниктік газдар мен өндірістік қалдықтардың қайнар көзі саналатын елміздің энергетика саласының құрылымына байланысты қалыптасқан экологиялық проблемалар.

«Қазақстан энергетикасының 87 пайызға жуығы көмірмен жұмыс істейді. Ал тәуелсіз есептеулерге қарағанда 2020 жылға дейін шығарылымдар генерациясының жалпы көлемі ішіндегі көмірдің үлесі 66 пайызды құрайды. Жалпы көмірдің мүддесі басым болып тұрған бүгінгі энергия құрылымын бізге негізінен кеңестік кезеңнен мұраға қалдырылған еді. Сондықтан да біз алдағы уақытта энергия құрылымды газ бен жаңартатын энергия көздерінің үлесін арттыруымыз қажет», - деді министр Н. Қаппаров.

 
АСТАНА.  11 маусым. ҚазАқпарат 
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту