Rompetrol Group теңіз терминалы арқылы 10 миллион тонна мұнай қабылдады

размер шрифта: Aa | Aa
13.06.2012 10:40
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрылысына 150 миллион доллардан астам қаржы құйған Мидия теңіз терминалы арқылы қабылданған мұнай көлемі 2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 10 миллион тоннаға жетті.

Осы мұнайдың барлығы түсірілгеннен кейін «Петромидия» мұнай өңдеу зауытында өңделеді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

«Терминал мен зауыт арасында тікелей байланыс орнатылғаннан кейін мұнай әкелу процесін оңтайландыруға және шикізатты түсіруге байланысты болатын шығындарды барынша азайтуға қол жеткіздік. Терминалдың жоғары өткізу қуаттылығы  жылына 24 миллион тонна. Осы көлем румындық мұнай айыру зауыттарының қажеттілігін толық өтейді», - дейді Мидия теңіз терминалы бас директоры Иоан Таус.

Зауыттан шамамен 8,6 шақырым жердегі мұнай терминалы сыйымдылығы 160 мың тонналық кемелерді қабылдай алады. Шикізатты түсіріп алу жұмыстары «Петромидия» мұнай өңдеу зауытында орналасқан жинақтау цистернасымен жалғанған су асты құбыры арқылы жүзеге асырылады. Бұл шикізаттың ешқандай ысырап болмауын қамтамасыз етеді.

Констанц порты арқылы бұрынғы тасымал маршрутына қарағанда аталмыш терминал мұнай тасымалдауды 33 шақырымға қысқартып отыр. Осының арқасында компания зауытқа жеткізілген мұнайдың әр тоннасынан 5 долларға дейін үнемдеуде.

Rompetrol Group мұнай өңдеу зауыттары 2001 жылдан бастап 27 миллион тонна шикізатты өңдеп шығарды. Үстіміздегі жылы олардың алдында тұрған міндет - зауыттардың өңдеу қуаттылығын жылына 5 миллион тоннаға арттыру жөніндегі бағдарламаны аяқтау.

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту