Магистральдық құбырларда мемлекеттің басым құқығы бекітіледі - Парламент қабылдаған заң

размер шрифта: Aa | Aa
15.06.2012 10:43
 Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Магистральдық құбыр туралы» заңын қабылдады. Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Аталған заң жобасы еліміздің экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар магистральдық құбыр саласындағы қатынастарды реттеу жолымен Қазақстан Республикасының экономикалық және энергетикалық қауіпсіздігін нығайту мақсатында әзірленген. Тоқтала кететін жайт, бұған дейін магистральдық құбыр саласындағы құқықтық қатынастардың маңызды бөлігі ұлттық заңнамамен реттелмеген болатын. Осының өзі магистральдық құбырларды дамыту үшін тежеуші фактор болып табылады. Осыған орай әзірленген заң жобасының басты жаңалығы - магистральдық құбырларды қайта құру арқылы оларға мемлекеттің басым құқықтарын бекіту. Сонымен қатар, магистральдық құбыр саласындағы қызмет көрсететін немесе оның қызметін пайдаланатын тұлғалардың міндеті мен құқықтарын анықтау қарастырылады. Бұдан бөлек осы салада «ұлттық оператор» институты да енгізілетін болады.

Тоқтала кететін жайт, елімізде өндірілетін көмірсутекті шикізаттардың айтарлықтай үлесі магистральдық құбырлар арқылы ішкі және сыртқы нарыққа шығады. Сондықтан да, бұл мәселе стратегиялық маңызға ие болып отыр. Сондай-ақ, магистральдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдау ел бюджетінің түсімін айтарлықтай арттыратыны белгілі.

Заң жобасы қабылданса, елімізде қайта салынатын және қолданыстағы кез келген (мейлі мемлекеттік, мейлі жекеменшік болса да) магистральдық құбырларға мемлекеттің қатысуын қамтитын басым құқығы бекітілетін болады. Ал жаңа құбырлар салу барысында бірінші кезекте құбырларды салуда мемлекеттің экономикалық  мүддесі қорғалатын болады.

АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту