Маңғыстау облысына сұйытылған газ Атырау мен Қызылорда облыстарынан тасымалдануда

размер шрифта: Aa | Aa
15.06.2012 10:46
Қазақ газ өңдеу зауытындағы апатты жағдайға байланысты сұйытылған газ шығару жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін тоқтатылған болатын.

Қалыпқа келтіру жұмыстары кезінде сұйытылған газ Атырау және Қызылорда облыстарынан жеткізіліп отыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік  және өнеркәсіп басқармасы хабарлады.

Қоғамдық жолаушылар автокөліктерінің - қалалық және ауданаралық қатынастар (автобустар), арнаулы автокөлік, оның ішінде әлеуметтік сала, құқық қорғау және қауіпсіздік (коммуналдық қызмет, медициналық жәрдем және т.б.) салаларының жұмыстарында іркілістерді болдырмау мақсатында үстіміздегі жылғы маусымның 12-інен 30-ына дейін жеке меншік жеңіл автокөліктер үшін сұйытылған газдың бөлшек саудасына уақытша шектеу қойылды.

Күнделікті тұрмысқа өмірлік қажетті көліктер үшін сұйытылған газ қалалар мен аудандар әкімдіктерінің тізіміне сәйкес «Қазмұнайгазөнімдері» АҚ-ның жанармай құю стансалары арқылы беріледі.

Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау және Түпқараған аудандарының шалғайдағы елді мекендеріне сұйытылған газ қалалар мен аудандар әкімдері айқындаған жеке меншік стационарлық және жылжымалы жанармай құю стансалары арқылы жүргізіледі.

Жеке меншік автокөліктер, оның ішінде жеңіл автокөліктер үшін сұйытылған газ өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін сатылады.

АҚТАУ. 14 маусым. ҚазАқпарат.
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту