Petroleum Operatin компаниясын басқарған А.Асанбаев румындық Rompetrol трейдингтік компаниясының директоры қызметіне тағайындалды

размер шрифта: Aa | Aa
17.06.2012 10:49
Қазақстандық Petroleum Operating компаниясын басқарған Айдар Асанбаев румындық Rompetrol трейдингтік тобының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

ҚазМұнайГаз қазақстандық мемлекеттік холдингінің иелігіндегі Rompetrol-да Асанбаев маусым айынан бастап маркетинг қызметіне басшылық ететін болады.  Әзірге оған қандай қызмет жүктелетіні әзірге белгісіз.

Мамыр айынан бастап  Petroleum Operating-ге Руфат Қожалақов басшылық етуде, ол бұрын Атырау мұнай өңдеу зауытының коммерциялық директоры болып қызмет атқарған болатын.

Швейцарияда орналасқан TH Kazmunaigaz сауда компаниясын басқаратын Тимур Азимов Rompetrol-дің трейдинг бойынша вице-президенті қызметіне тағайындалды.

Сарапшылардың сөзіне қарағанда, Асанбаев мұнай маркетинг саласында тәжірибелі маман.  Petroleum Operating компаниясына тағайындалмас бұрын ол ұзақ уақыт «Санойл» ірі сауда компаниясында жұмыс істеген. Екі компания да қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына алыс-беріс мұнайды жеткізеді, сондай-ақ Қазақстаннан мұнай өнімдерін экспорттайды.

Rompetrol ҚазМұнайГаз компаниясына 100 пайызға тиесілі, оның құрамына румындық Petromidia және жиынтық қуаттылығы шамамен жылына 5,5 млн. тонна өнім шығаратын Vega мұнай өңдеу зауыттары, сонымен қатар Румыния, Франция, Испания, Молдавия, Украина, Болгария және Грузия мемлекеттеріндегі 1 мыңнан астам жанар-жағармай желісі кіреді.

АСТАНА. 16 маусым. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту