Ақтауда ардагер геолог Валентин Токаревке ескерткіш тақта орнатылды

размер шрифта: Aa | Aa
20.06.2012 10:51
Ақтау қаласының  4 шағын ауданындағы №41 үйге ардагер геолог Валентин Токаревке ескерткіш тақта орнатылды.

Валентин Токарев - КСРО Геология Министрлігінің Геологиялық барлау басқармасы кәсіподағы Орталық Комитетінің мүшесі, «МаңғышлақМұнайГазбарлау» тресінің бас  геологы, «Құрмет белгісі» орденінің иегері. Салтанатты жиынға Валентин Токаревтің әріптестері, туған-туыстары, қалалық әкімдіктің қызметкерлері жиналды.

Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы Марат Молдағұлов салтанатты жиында  Валентин Петрович Токаревтің Маңғыстау өңірінің мұнай зерттеу саласындағы елеулі еңбегі жайлы айтып, өнегелі өмір иесінің есімін өскелең құрмет тұтып, жадына сақтау керектігін айтты.

Бұдан кейін танымал геологтың әріптестері ол жайлы естеліктер айтып, ескерткіш тақтаны ашты.

АҚТАУ. 19 маусым. ҚазАқпарат. 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту