«Өзенмұнайгаз» АҚ директорлар кеңесінің жаңа төрағасы мен бас директоры сайланды

размер шрифта: Aa | Aa
22.06.2012 10:53
 Бүгін «Өзенмұнайгаз» АҚ-да  директорлар кеңесінің алғашқы отырысы болып өтті.

«Өзенмұнайгаз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Абат Нұрсейітов сайланды. «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры - басқарма төрағасы болып Абзал Меңдібаев сайланды, бұған дейін ол «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының директоры міндетін атқарушы болған.

Абат Ақмұқанұлы Нұрсейітов 2012 жылдың қаңтар айынан бастап «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген. Мұнайгаз саласында 1986 жылдан бастап жұмыс істейді, еңбек жолын мұнай және газ өндіру операторлығынан бастап, «Жетібаймұнай» МГӨБ бастығы қызметіне дейін көтерілді, Қазақмұнай ғылыми зерттеу жобалық институтында, «Торғай-Петролеум» ЖАҚ, «ЛУКОЙЛ Оверсиз Сервис» қазақстандық филиалында түрлі басшылық қызметтерді атқарды. Қазақстан мұнайының 100 жылдығы және 110 жылдығы медалімен марапатталған.

Абзал Меңдібайұлы Меңдібаев 1977 жылы туылған, Жаңаөзен мұнай және газ колледжі мен Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ кеніштерін игеру және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген. 1996-2000 жылдар аралығында «Өзенмұнайгаз» ААҚ МГӨБ-1 мұнай және газ өндіру операторы, өндіру мастері, цех бастығының орынбасары, аға технолог қызметтерін атқарған. Әртүрлі жылдары «Өзенмұнайгаз» ААҚ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «Қазгермұнай» БК ЖШС және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жауапты қызметтерді атқарған. 2010 жылдың сәуір айынан бастап «Өзенмұнайгаз» ӨФ директорының орынбасары, 2011 жылдың желтоқсан айынан бері директордың міндетін атқарушы болды.

ЖАҢАӨЗЕН. 21 маусым. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту