Алматы облысында Жетісуда тұңғыш гелиоэнергетика стансасы іске қосылды

размер шрифта: Aa | Aa
25.06.2012 10:13
Алматы облысының Кербұлақ ауданының Сарыбұлақ ауылының шетінде қайта өндірілетін негіздерден электр жүйесін алуға мүмкіндік беретін «Жасыл ауыл» халықаралық жобасының аясында Жетісуда тұңғыш гелиоэнергетика стансасы іске қосылды, деп хабарлады ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің энергетика департаменті.

«Гелиостанса аумағы шамамен бір гектар жерді алып жатыр, онда бірнеше қатарда алты ірі габоритті жиырма метрлік күн панелі шоғырланған. Ол күн энергиясын топтастырып, басқару және тарату залына жеткізеді», - деп жұма күні мекемедегілер хабарлады.

Станса қуаты 52 кВт асады, мамандардың пікірінше, шамамен 70 адам тұратын елді-мекенге осының өзі артығымен жетеді.

Күн электр стансасы екі сатыда құрылғаны белгілі болды. Алдымен компьютерлік басқару торабы мен әкімшілік-шаруашылық ғимарат  қызметін атқаратын «басты үй» деп аталатын ғимарат салынған. Одан кейін гелиоқұрылғылары бар «күн өрісі» құрылып, терең ұңғыма қазылған. Сөйтіп, сарыбұлақтағылардың күнделікті өмірінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын таза су аға бастайды.

ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің электроэнертегика департаментінің директоры Жақып Бөкенбаев айтқандай, жобаны ұйымдастырушылар қатарына Алматы облысының әкімдігі, «Достық-энерго» АҚ, «Дайсунг энержди» оңтүстік корейлік корпорация мен «KIOKA» энергетика агенттігі қатысқан.

Ж.Бөкенбаевтың ақпаратына сәйкес, бұл энергонысан Қазақстан мен Корея Республикасының арасындағы келісім аясында шетелдік серіктестердің гранттық қаражатына салынды.

Гелиостансаның ашылуында Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Бай Чон Сон ауыл тұрғындары алдында сөз сөйлеп, ірі мемлекетаралық энергожобаның табысты әрі белгіленген мерзімде аяқталғанына қуанышын білдірді. Оңтүстік корейлік мәмілегер өзі де ауылда туып-өскенін және мұндай нысан ол жақта болмағанын, және әлі де жоқ екенін айтты, ал адамдарда тіпті теледидар көру мүмкіндігі де жоқ. «Сарыбұлақ гелиостансасы экологиялық таза, сенімді және пайдалануы да қарапайым. «Жасыл ауыл» жобасының арқасында Кербұлақ еңбекшілері электр жүйесін тегін пайдалану мүмкіндігіне ие болды», - деді мәмілегер.

Жаңа электростансада оңтүстік корейлік мамандар дайындап, оқытқан жергілікті тұрғындардың арасынан шыққан екі адам қызмет көрсетеді.

Талдықорған. 22 маусым ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту