Каспийдің қазақстандық секторында мұнай дақтары табылды

размер шрифта: Aa | Aa
27.06.2012 11:56
 Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай дақтары табылды, делінген ресейлік «Сканэкс» инженерлік-технологиялық орталығының ақпаратында.

«Каспий теңізіне спутниктік мониторинг жүргізу барысында қазақстандық секторда Түпқараған (Маңғышлақ) жартыаралының солтүстік-батысында теңіздің бетінде жүйелі түрде пайда болатын көлемі кішкентай мұнай түзілімдері табылды. «Сканэкс» ИТО мамандарының пікірінше, бұл дақтар грифондардың белсенділігін көрсетеді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Ақпаратқа сәйкес, дақтар «Сканэкс» орталығының «ЛУКОЙЛ-Нижневолжскнефть» компаниясының тапсырысы бойынша орындаған теңіз бетінің мұнаймен ластануына спутниктік мониторингі барысында табылды.

Табылған дақтар бір жерде қайталап пайда болады да, теңіздің бетінде екі-үш есе сигнатуралар түзеді, ені 50-150 м, ұзындығы 0,3-3 км және ауданы 0,5 ш. км иілген жіп тәріздес. Олардың теңіздің қазақстандық секторындағы үш ауданда уақытша топтасқаны анықталды.

Дақтар 20, 25, 29 мамырда және 1 маусымда табылды. Жерасты көздерінің жер қойнауынан мұнайды неге тастап жатқаны анықталып жатыр.

«2007 жылдан бері Солтүстік Каспийдің мұнаймен ластануына жүйелі түрде спутниктік мониторинг жүргізіле бастағаннан кейін «Сканэкс» орталығының мамандары теңіз бетінің кейбір жерлерінде шағын тамшыларды, бір жерге жиналған дақтарды тапқан. Бұл дақтардың шығу тегі грифондық деген күдік бар, бұл шөкпе жыныстардағы процестерге байланысты болуы мүмкін. Мұндай дақтар аз көлемде осы ауданда 2010-2011 жылдары радиолокациялық суреттерде де табылған. Алайда ол кезде нақты айғақ табылмады. 2012 жылдың мамыр айының соңында – маусым айының басында жүргізілген түсірілімдер біздің болжамымызды қуаттады», - деді РҒА П.П.Ширшов ат. Мұхиттану институтының аға ғылыми қызметкері Андрей Иванов.

Зерттеушілердің мәлімдеуінше, грифондар белсенділігінің жандануына түрлі факторлардың топтасып әсер етуі себеп болуы мүмкін. Ғалымдарға геологиялық-геохимиялық және геофизикалық зерттеулердің қосымша мәліметтері керек.

«Түпқараған белесіндегі теңіздің жалғасында грифондардың «оянуына» Дағыстанмен шекарада Әзербайжанның солтүстік-батыс бөлігінде шоғырланған магнитудасы 4-5,6 балдық жер сілкіністерінің каскады әсер етуі мүмкін. Жер қойнауын тұрақсыздандырушы басқа да факторларды да ұмытпау керек. Бір анығы: Каспий теңізінің тектоникалық ойпатының геодинамикалық белсенділігі артып келеді», - дейді РҒА Геосфералар динамикасы институтының аға ғылыми қызметкері Борис Голубов.

Солтүстік Каспийде табылған грифондық мұнай түзілімдерін спутниктік технологиялардың көмегімен зерттеу жалғастырылады.

Алматы. 26 маусым. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту