Қаржы министрлігі Қарашығанақтың мұнай-газ шикізатының экспортын кедендік декларациялау орны ретінде Оралды белгіледі

размер шрифта: Aa | Aa
28.06.2012 12:30

 Қаржы министрі Болат Жәмішевтің бұйрығымен Орал Қарашығанақ кен орнының мұнай-газ шикізатының экспортын кедендік декларациялау орны ретінде белгіленді, деп хабарлайды ресми БАҚ.

«Кеден одағының Кеден кодексінің 381 бабына сәйкес, ҚР үкіметінің 2011 жылдың 13 желтоқсанындағы №1525 қаулысымен мақұлданған Қарашығанақ жобасы бойынша реттеу туралы келісімнің баптарына сәйкес бұйырамын: Орал қаласы құбыр желісімен тасымалданатын Атырау облысы арқылы экспортталатын Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мұнай-газ шикізатының экспортын кедендік декларациялау орны ретінде белгіленсін», - делінген бейсенбі күні жарияланған бұйрықта.

Сондай-ақ, министр қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетіне бұйрықтың әділет министрлігінде тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етуді тапсырды. Бұдан басқа, кедендік бақылау комитетіне бұйрық әділет министрлігінде тіркелген күннен кейінгі он күннің ішінде бұйрықты тиісті аумақтық кедендік органдарға жеткізу тапсырылды.

Осы бұйрықтың орындалуын бақылау қаржы вице-министрі Дәулет Ерғожинге жүктеледі.

Бұйрық ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді және 2011 жылдың 14 желтоқсанынан бастап туындаған қарым-қатынастарды қамтиды.

Әлемдегі ірі мұнай-газ конденсаты кен орны Қарашығанақ Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан. Кен орнының ауданы 280 ш. км құрайды, оның қоры 1,2 млрд тоннадан аса мұнай мен конденсат және 1,35 трлн т. м газ деп бағаланып отыр. 

Астана. 28 маусым. ҚазТАГ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту