1 шілдеден бастап «Өзенмұнайгаз» Өзен және Қарамандыбас кен орындарын пайдалану құқығына ие болады

размер шрифта: Aa | Aa
02.07.2012 09:45
1 шілдеден бастап «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) Маңғыстау облысындағы Өзен және Қарамандыбас кен орындарын пайдалану құқығына ие болады, делінген «ҚазМұнайГаз» Барлау Өңдеу» АҚ (ҚМГ БӨ) мәліметінде.

«ҚМГ БӨ Маңғыстау облысындағы Өзен және Қарамандыбас мұнай кен орындарын өңдеуді жүзеге асыру үшін 1996 жылғы 31 мамырдағы № 40 келісім шарттың қосымшасына қол қойылғандығы туралы хабарлайды. Аталмыш қосымша ҚР мұнай және газ министрлігі, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ және «Өзенмұнайгаз» АҚ араларында бекітілген», - делінген хабарда.

Ақпаратта көрсетілгендей, қосымшаның негізгі мақсаты 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап Маңғыстау облысында орналасқан Өзен мен Қарамандыбас кен орындарын пайдалану құқығымен «Өзенмұнайгаз» АҚ-ты қамтамасыз ету. Аталмыш кен орындарында мұнай барлау - ӨМГ үшін негізі табыс көзі болып табылады.

«Өзенмұнайгазға» кенді пайдалану бойынша өз бетінше операциялар жасау өндірістік-шаруашылық қызметті жүргізу кезінде жылдам шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, компания менеджментінің жауапкершілігін, сондай-ақ, корпоративтік басқарудың заманауи талаптарына сәйкестігі мен айқындылығын қамтамасыз етеді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Бұрын хабарланғандай, 2012 жылғы 21 маусым күні «Өзенмұнайгаз» АҚ директорлар кеңесімен Маңғыстау облысының Өзен мен Қарамандыбас мұнай кен орындарын пайдалануды  жүзеге асыруға ҚМГ БӨ-ден келісім шарт алу мақұлданды.

«Өзенмұнайгаз» АҚ «Қамұнайгаз» Барлау Өңдеу» АҚ 100% еншілес компаниясы болап табылады. Компания  2012 жылы «Өзенмұнайгаз» өндірістік бөлімшесінің акционерлік қоғамға қайта құрылу жолымен пайда болды. 2004-2012 жылдар аралығында ӨМГ ҚМГ БӨ өндірістік бөлімшесі болды. Өзен және Қарамандыбас кен орындарындағы мұнай қоры «дәлелденген және ықтимал» (2P) санаты бойынша 2011 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 166 млн тоннаны құрады.

«Қамұнайгаз» Барлау Өңдеу» АҚ («Қамұнайгаз» Барлау Өңдеу» ҰҚ» АҚ еншілес құрылымы) Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі бойынша көшбасшы үштіктің қатарына енеді. 2011 жылы ҚМГ БӨ мұнай өңдеу көлемі, «Қазгермұнай», CCEL («Қаражанбасмұнай») және «ПетроКазахстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есепке алғанда 7%, яғни 12,3 млн тоннаға дейін азайды. 2011 жылдың соңында ҚМГ БӨ дәлелденген және ықтимал қорлары 225,81 млн тоннаны (1,66 млрд баррельді) құрады.

Алматы. 29  маусым. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту