Монополияға қарсы агенттік бензин құнын төмендетуді ескертті

размер шрифта: Aa | Aa
29.06.2012 16:14
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті елордадағы мұнай өнімдерін сататын жанар-жағармай құю стансаларының иелеріне бензин бағасын төмендетуді ескертті.

«Біз Сіздерге қатаң ескертеміз, егер бензин бағалары шекті деңгейден асатын болса, біз заң талаптарына сай шаралар қолданамыз. Сондықтан бизнесті ашық әрі заң аясында жүргізуді сұраймыз. Агенттік жазалауға емес, керісінше істеріңізге араласпауға құлықты. Тек заңды сақтасаңыздар болғаны», - дейді  ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің директоры Бақтияр Аталықов бүгін жеке кәсіпкерлердің қатысуымен болған отырыста.

Бренд маркалы мұнай бағасының өзгеруіне байланысты ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының ағымдағы жылдың 25 маусымындағы бұйрығы бойынша мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы сатылуының шекті бағалары төмендетілетін болады. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап дизельдік отын - литр үшін 90 теңге, Аи-80 - литр үшін 86 теңге, Аи-92/93 - литр үшін 106 теңге болып бекітілмек. Аталған бұйрық Қазақстан Республикасы мұнай және газ, экономикалық даму және сауда министрліктерімен келісілген.

Б. Аталықовтың атап өткеніндей, агенттік жанар-жағар май стансаларында бензин құнына қатысты арнайы тексеріс шараларын жүргізбейді. Алайда тұрғындардан, жергілікті билік органдарынан түскен арыз-шағымдарға шұғыл әрекет етпек.

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту