Астанада Қазақстан президентінің қатысуымен индустриалдық форум басталды

размер шрифта: Aa | Aa
03.07.2012 16:20
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға арналған  Индустриалдық форум Астанада басталды.

Ұлттық телекөпір пішініндегі форум аясында ел өңірлерімен жұмыс кеңесі өтіп, онда ҚР Үкіметі Мемлекет басшысы алдында ҮИИД бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп береді. Сонымен қатар онлайн-режімде өңірлерде салынған 6 нысан пайдалануға беріліп, 4 жобаның құрылысы басталады.

Айта кетерлігі, форум аясында «Қазақстандық өнімді сатып ал» атты отандық тауар өндірушілердің өнімдерінің көрмесі өтеді. Онда шамамен 250 кәсіпорын өнімнің 700 түрін ұсынады.

 Сондай-ақ көрме аясында қазақстандық қамтуды дамыту мақсатында ұлттық компаниялар мен отандық өндірушілер арасында ұзақ мерзімді шарттар мен меморандумға қол қойылатын болады. Жалпы сомасы 15 млрд. теңгені құрайтын 48 құжат рәсімделеді.

АСТАНА, 3 шіл –Қазақстан жаңалықтары АА.  

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту