Назарбаев әлеуметтік-еңбек шиеленістерін арандатушыларға жауапкершілік енгізуді ұсынады

размер шрифта: Aa | Aa
04.07.2012 11:10
Қазақстан президенті Н. Назарбаев әлеуметтік-еңбек шиеленістерін арандатушыларға жауапкершілік енгізуді ұсынды.

«Әлеуметтік-еңбек шиеленістерін арандатушыларға құқықтық жауапкершілік жетіспейді. Жұмыс берушілердің тарапынан жұмыс жағдайының нашарлығы себеп болатын жағдайлар көп, дер кезінде жалақы төленбейді... Сонымен қатар, әшейін арандатушылар бар, паразиттер, олар еш жерде жұмыс істемейді, ал осындай арандатушылықпен ақша тауып үйренген», - деді Н. Назарбаев сейсенбі күні индустриалдық форумда.

Елбасы осындай адамдар кәсіпорынға келіп, еңбек ұжымына «ереуідеңдер, жалақыларыңның көтерілуін талап етіңдер» деп үгіттейтінін атап өтті. «Шулаңдар, тұрыңдар, сендерге әйтеуір бірнәрсе береді», - деді Н. Назарабев.

«Әдетте, жалақыны жұмыс істегендерге береді... Тегін ірімшік тек қақпанда ғана болатыны белгілі», - деп елбасы атап көрсетті.

«Біздің еңбек және басқа кодекстерде жұмыс берушілер тарапынан лауазым иелері мен жекелеген арандатушыларды еңбек шиеленістерін тудырғаны үшін жауапкершілікке тартатын баптар қарастырылмаған. Қазақстанда жұмыс істейтін тек отандық бизнес емес, шетелдік бизнестің де әлеуметтік заңнаманы орындаудағы жауапкершілігін арттыру керек», - деп атап көрсетті президент.

Н. Назарбаевтың пікірінше, заңнамада кәсіподаққа қатысты кейбір тұстардың олқылығы байқалады.

«Онда ұжымдық келісім мен тараптардың оның орындалуына жауапкершілігі айқын көрсетілмеген. Әлеуметтік серіктестік туралы ұғым да жоқ. Кәсіподақ қозғалысын жетілдіру бағытында табанды қадамдарға бару қажет», - деді ол.

«Біз сол заңдарды қайта қарап, түзетіп, парламентке ұсынуымыз керек», - деді Н. Назарбаев.

 

Астана. 3 шілде. ҚазТАГ

Жанболат Мамышев.


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту