«ҚазМұнайГаз» Атырау облысындағы екі кенттің басқа жерге қоныстандыруға Т5 млрд қаражат бөлді

размер шрифта: Aa | Aa
05.07.2012 12:45
 «ҚазМұнайГаз» Атырау облысындағы Байшонас және Ескене кенттерінің тұрғындарын басқа жерге қоныстандыруға Т5 млрд қаражат бөлді, деп хабарлады облыс әкімі Бергей Рысқалиев Макат ауданының мұнайлы кент тұрғандарымен кездесуінде.

«Бұрынғы мұнайлы Байшонас пен Ескене кенттерінің тұрғындарын көшіру проблемасы бұдан бірнеше жыл бұрын бірнеше рет көтерілген. Кеніштің жұтаңдауы жыл сайын жұмыссыздықты арттырып, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның ескіруіне және жалпы алғанда, осы елді мекендердің тозуына әкелді. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын шешу мақсатында осы тұрғындарды облыс орталығына көшіру туралы шешім қабылданды», - деді Б. Рысқалиев.  

Оның айтуынша, аталған кенттердің көптеген тұрғындары «ҚазМұнайГаздың» қазіргі жұмысшылары, сондықтан оларды көшірудің қаржылық мәселесін компания өз мойнына алып отыр.

«Бүгіндері алда 720 отбасын көшірудің үлкен жұмысы күтіп тұр. Жарты жылдың ішінде еңбекке жарамдылардың барлығына жұмыс тауып беруге тырсамыз. Соңғы екі жылда 28 мың адам жұмыстан қысқартылса, олардың 17 мыңы жергілікті тұрғындар», - деді Б. Рысқалиев.

Ол сондай-ақ, қазан айына дейін Атырауда жалпы саны 1018 пәтер болатын 17 коммуналдық баспана тапсырылатынын жеткізді.  Мұнайшылардың қаражатына бірнеше балабақша салынады.

Еске салсақ, Мақат ауданының алғашқы көшкендері Қошқар, Кломсомол, Бекбике ауылдарының тұрғындары болды. 2010 жылы 1 мыңнан астам адам қоныс алмастырды.

Башонас және Ескене кенттерінде 2433 адам мекен етеді. Олардың 148 адамы – бюджеттік мекеме адамдары болса, 346 –сы «ҚазМұнайГаздың» жұмысшылары, 280-і жұмыссыз азаматтар, 811-і басқа сала жұмысшылары мен өз беттерінше жұмыс тапқан жұмысшылар. 386-сы мектеп жасындағы балалар, 318-і мектепке дейінгі жаста, 161-і зейнеткер, 33 тұрмысы төмен отбасы.

 

Атырау. 5 шілде. ҚазТАГ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту