«АрселорМиттал Теміртау» шахталардағы метанды газсыздандыру есебінен электр энергиясын ала бастады

размер шрифта: Aa | Aa
10.07.2012 10:00
«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорын шахталарындағы метанды газсыздандыру есебінен электр энергиясын алудың  ілкі инновациялық жобасын жүзеге асырады, деп хабарларды компанияның көмір өндірісін дамыту департаментінің директоры Серғазы Баймұхаметов Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

«Өткен жылы  компания еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шахтадан шығарылатын метаннан электр энергиясын алу жөніндегі жобаны қаржыландырды», - деді С.Баймұхаметов.

 Сонымен қатар ол жобаның  қаңтар айынан бері тесттік режімде жұмыс істеуде екенін де атап өтті. Қуаты 1,4 МВт болатын электр энергиясы өндіріліп, ол шахтадағы электр энергиясын тұтынудың 20% жабады.

 «Біз жарты жыл ішінде 200 мың доллардай үнемдедік. Бұл бірінші ілкі жоба. Енді біз бұл жобаны жыл сайын бір қондырғы орната отырып  жалғастыратын боламыз. Мұндай жобаның құны 2 млн доллар», - дейді С.Баймұхаметов.

 Бұдан басқа, «АрселорМиттал» компаниясы қауіпсіздік, инновация, өндіріс пен техниканы жаңарту мақсатын  алдына қоюда.

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту