Таяу аралықта Қазақстанда мыс, қорғасын-мырыш және алтын кені салаларында дағдарыс туындауы мүмкін

размер шрифта: Aa | Aa
05.07.2012 15:09
Таяу аралықта Қазақстанда мыс, қорғасын-мырыш және алтын кені салаларында дағдарыс туындауы мүмкін.

Бұл туралы бүгін «KAZENERGY» қауымдастығының мұнайгаз саласын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының геология және перспективалы жобалар жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев мәлім етті.

«Бүгінде елдің резервтік минералды-шикізаттық базасы болып табылатын әзірленген перспективалы құрылымдарының барынша азайғандығы нақты айқындалды», - деп атап өткен оның сөзіне қарағанда, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің ғылыми негізделген кезеңдерінде қателіктер орын алуда. Осы және басқа да жайттар кен орындарының ашылуына кері әсерін тигізіп отыр.

Қ.Есқазиевтің сөзіне қарағанда, барланған қорларды игермеудің салдарынан қатты пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша жыл сайынғы қарқын 0,5-ден 1,7 пайызға дейін төмендеуде. Нәтижесінде республикадағы мыс қоры 25, қорғасын мен мырыш 17, алтын 30 жылдан кейін таусылуы мүмкін. Ал жаңа кен орындарын ашу мүмкіншілігі мүлдем жоқ десек те болады. Өйткені соңғы 50 жылдың ішінде жүргізілген түрлі барлау жұмыстарының нәтижесінде жер бетіне жақын жатқан қатты пайдалы қазбалардың барлығы да ашылған.

«Егерде іздеуден бастап кен орнын дайындағанға дейін кемінде 15 жыл уақыт кететінін ескерсек, онда таяу аралықта республиканың мыс, қорғасын-мырыш, алтын кендері салаларында дағдарыстың туындау мүмкіндігі айқын», - деді Қ.Есқазиев. 

АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту