СҚО аумағы бойынша «Батыс-Солтүстік-Орталық» магистральді газ құбырының шамамен 190 шақырымы өтеді

размер шрифта: Aa | Aa
10.07.2012 15:12
Солтүстік Қазақстан аумағы бойынша «Батыс-Солтүстік-Орталық» магистральді газ құбырының шамамен 190 шақырымы өтеді.

Магистральді газ құбыры болжам бойынша Темирязев, Шал ақын, Айыртау және Тайынша аудандары арқылы өтеді.

Жобаны іске асыру аясында Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының аумағы бойынша өтетін «Батыс-Солтүстік-Орталық» магистральді газ құбыры құрылысының» техникалық-экономикалық негіздемесі мақұлданды.

Солтүстік Қазақстан облысында магистральді газ құбырының ұзындығы - 186,9 шақырым, құбырдың сыртқы диаметрі - 720 миллиметр.

Магистральді газ құбырының құрылысы өңірді табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл өз алдына халықтың өмір сапасының деңгейін арттыруға септігін тигізбек.

ПЕТРОПАВЛ. 9 шілде. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту