Ақтөбе облысында 120 тонна заңсыз мұнай тиелген 3 көлік ұсталды

размер шрифта: Aa | Aa
14.07.2012 09:29
Темір ауданы Шұбарқұдық кентінің шет аймағында полиция қызметкерлері 120 тонна мөлшерде шикі мұнай өнімі тиелген 3 «HOWO» көлігін ұстады.

ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, көліктер жүкке қатысты құжатқа ие болмаған.

Ақмола облысы Щучье қаласының тұрғындары болып табылатын жүргізушілердің айтуынша, оларды қалалық газеттегі хабарландыру бойынша мұнайды тасымалдау үшін жұмысқа алған. Олар жүкті Атырау облысының Сағыз стансасынан Темір ауданының Шұбарқұдық кентіне алып бара жатқан. 

ҚР ҚК-нің 183 бабы бойынша (Мұнай өнімдерін құжаттарсыз тасымалдау) қылмыстық іс қозғалды, сараптама белгіленді, көліктер тәркіленіп, АІІБ-нің аумағына қойылды. 

Қазіргі уақытта жүктің қай жерде тиелгендігі және кімге тиесілі екендігі анықталуда. Тексеру амалдары жалғасу үстінде. Жүргізушілерден ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды.

АҚТӨБЕ. 13 шілде. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту